USD
USD
USD

Алматыдан Қаскелең мен Талғарға электр пойызы жүреді

Қаскелең мен Талғарға Алматыдан электр пойызы жүреді. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

Алматыдан Қаскелең мен Талғарға электр пойызы жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, адамдар мен автокөліктің күн сайынғы ары-бері қозғалысынан туындайтын салмақты азайту мақсатында қала сыртына қатынайтын қоғамдық көлікті дамыту қажет. Әкімдік тарапынан қажетті шаралар қабылданып жатыр.

«Қазір Қаскелең мен Талғарға Алматыдан электр пойызын жүргізу мәселесі қолға алынып отыр. Мысалы, Мәскеуде жақын маңдағы елдімекендерге жүретін «электричкалар» бар. Сол сияқты біз де Талғардан «Халық Аренаға» дейін қатынайтын электричканы іске қосуды қарастырып жатырмыз. Осындай жобамен бізге жеке инвестор өзі шығып отыр. Дәл осындай мәселені Қаскеленң жақтан жүргізуді де қарастырып жатырмыз»,-дейді әкім.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес