USD
USD
USD

 Алматыдан қашпақ болған тонаушылар ұсталды

 Алматыдан қашпақ болған тонаушылар тобы ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы хабарлады. 

 Алматыдан қашпақ болған тонаушылар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Медеу аудандық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады.

Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылды. Ұсталғандар бұл заттарды тонау жолымен алғанын мойындады.

Сондай-ақ, ұсталғандардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдері, оқ өтпейтін киім мен қалқандары тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 272 бабы – жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу және ҚР ҚК-нің 188 бабы – бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілетін болады.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат