USD
USD
USD

Алматыдан Ыстықкөлге жету жолы қысқарады

Алматыдан Ыстықкөлге жету әлдеқайда жылдам болады. Өңірлерді байланыстыратын тас жол құрылысының соңғы жобасы бекітілді.

Алматыдан Ыстықкөлге жету жолы қысқарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қырғызстанның көлік министрлігі мәлімдеді. Жаңа жол бұрынғыдан 200 шақырымға қысқа болады деп жоспарлануда. Қазір оның ұзындығы 450 шақырым.

Жобаның құрылысына 90 миллион доллар кетеді деп жоспарлануда. Көрші елдің үкіметі бұл арқылы өңірдің туристік жер ретіндегі мүмкіндігін жақсаратынына сенім білдіріп отыр.

Еске салсақ, Алматы-Ыстықкөл арасында жаңа жолдың салынуына Қырғызстан тарапынан Азиялық даму банкі қолдауға уәде берген. Жалпы тау арқылы апаратын жол туралы сөз алғаш осыдан алты жыл бұрын қозғалған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев