USD
USD
USD

Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус қатты желден аударылды

Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус Қарағанды облысы аумағында аударылды.

Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус қатты желден аударылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция дерегінше, оқиға 21 шілде күні кешкі 17.30 кезінде Осакаров кентінен 10 шақырым жерде, Алматы – Екатеринбург тасжолында болған.

Қатты жел соғып тұрғанда 33 жастағы «Yutong» автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан автобус аударылды.

Салонда 20 жолаушы болған, оның ішінде 65 жастағы ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция сараптама тағайындады. Соның нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Нью-Йорк көшелерінде Қазақстанның көк туы желбіреді

Шеруге қатысушылар

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.