USD
USD
USD

Алматыдан туристік пойыз жолға шықты

Бүгін Алматы станциясынан "Жібек жолы" туристік пойызы өз сапарын бастады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

пойыз
Фото: «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Ұлттық тасымалдаушы іске қосқан бұл пойыз "Алматы–Түркістан–Ташкент–Алматы" бағыты бойынша жүреді. Тур 16-20 қараша аралығында 5 күнге созылады. Алғашқы сапарға 115 жолаушы аттанды.

"Бұл жоба мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Жобаны дамытуға Көлік министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері, сондай-ақ "Өзбекстан темір жолдары" компаниясы серіктес ретінде үлес қосты", – деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының орынбасары Мұхит Тұрсынбаев.

Туристер Түркістанда бір күн, Ташкентте екі күн өткізеді. Бағдарлама барысында олар осы қалалардың көрікті жерлерін, әсем табиғат аймақтарын және қасиетті орындарын аралайды."Жібек жолы" туристік пойызындағы барлық экскурсия кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен өтеді. Ал маршрут бойындағы қозғалыс туристік автобустар арқылы ұйымдастырылады.Пойыз құрамына Қазақстанда шығарылған, бұрын басқа бағыттарда қолданылмаған 5 жаңа вагон қосылған. Қызмет көрсету тобына пойыз бастығы, сегіз жолсерік және бір электромеханик кіреді.

Пойыздың сырты мемлекеттік тудың бейнесімен безендірілсе, ішкі бөлімі ұлттық өрнектермен әшекейленген алтын түсті төсек-орындармен жабдықталған. Вагон-мейрамхана дәстүрлі стильде безендіріліп, ұлттық және еуропалық тағамдарды қамтитын мәзірді ұсынады.Айта кетері, туристік пойыз билеттері туристік агенттіктер арқылы сатылған.

Қазір оқып жатыр

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Корея

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

.

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады

футболшылар

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Рахат Тұрлыханов