USD
USD
USD

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы Хитроу әуежайының NOTAM бойынша жабылуына байланысты Лондонға жетпей, Франкфурт әуежайына қонды. Бортта 138 жолаушы болған.

 Air Astana
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы – Лондон бағыты бойынша KC663 рейсін орындап жатқан Airbus A321 әуе кемесінің Франкфурт әуежайына қауіпсіз түрде қонғанын хабарлайды. Өкінішке қарай, Лондонның Хитроу әуежайы түннің соңына дейін жабық күйінде қалады, осыған байланысты Air Astana әрі қарай ұшуды тоқтатуға мәжбүр. KC663 рейсінің ұшуы келесі күннің таңертеңгі сағат 11:30-ға (Астана уақытымен сағат 16.30 – ред.) шегерілді», – делінген хабарламада.

Air Astana өкілдерінің түсіндіруінше, жолаушылардың ішінде 67 адамның жарамды Шенген визасы болмағандықтан, олар Франкфурт әуежайының транзиттік аймағында қалуы тиіс болған. Мұндағы барлық жолаушыға күту уақытында тамақ пен салқын сусындарға арналған ваучерлер берілген.

Ал қалаға шығуға құқығы бар жолаушыларды компания қонақүймен, күтпеген кідіріс жағдайында тамақпен және сусындармен қамтамасыз етеді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы