USD
USD
USD

Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana ұшағы Ақтауға шұғыл қонды

Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтауға шұғыл қонды, деп хабарлайды әуе компанияның баспасөз қызметі.

AirAstana
Фото: Pinterest

Алматы, NEGE. «8 қаңтарда Алматы – Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08: 35-те ұшып кетті. Техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды. Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақаулығы себеп болды.

Рейс Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарда сағат 09: 20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылды. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қолданылуда», – деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер