USD
USD
USD

Алматыдағы ЖОО мен мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылады

 Қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жоғары оқу орындары мен мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Алматыдағы ЖОО мен мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ата-аналар өтініші бойынша 1-5, 9 және 11 сыныптарда бала саны 15-тен аспайтын кезекші топтар құруға рұқсат етіледі. Барлық көңіл көтеру мекемелерінің қызметіне тыйым салынады. Қоғамдық монша мен қалааралық көліктер қатынасы да тоқтайды. Дәмханалар тапсырыс жеткізумен ғана жұмыс істейді. Рамазан айында ұжымдық ауызашар жасауға және діни рәсімдерді топ болып атқаруға рұқсат жоқ. Азық-түлік базарлары жұмыс күндері таңғы 06:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ашық болады. Қазір Алматыда коронавирустың мутацияға ұшыраған штамдары анықталған. Оның жұқтыру көрсеткіші 70%-ке дейін жоғары, әрі тез тарайды. Бүгінгі таңда қалада қауіпті вирус жұқтырудың жоғары деңгейі сақталып отыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер