USD
USD
USD

Алматыдағы жаңа әуежайдың құрылысы жазда аяқталады

Бұл туралы үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Алматыдағы жаңа әуежайдың құрылысы жазда аяқталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің сөзінше, әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жалғасып жатыр.

"2024 жылдың наурыз айында Шымкент, мамыр айында Қызылорда және маусым айында Алматы қалаларындағы жаңа әуежай жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады. Аталған жұмыстарға 150 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды", – деді министр.

Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде Алматы қаласы әуежайының өткізу қабілеті 5 есе (2,5 миллионнан 14 млн жолаушыға дейін), Қызылорда әуежайы – 6 есе (300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін) және Шымкент – 7 есе (800 мыңнан 6 млн жолаушыға дейін) ұлғаяды.

Сонымен қатар келесі жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторы астаналық әуежайдың ұшу-қону жолағын өз қаражаты есебінен реконструкциялауға кіріседі. Бұл жаңа басқарушы компанияның алдына қойылған бірінші кезектегі міндеттердің бірі болмақ.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар