USD
USD
USD

Алматыдағы төбелес: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Алматыда бір топ жастың төбелесінің видеосы тарады. Қалалық полициясы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыдағы төбелес: полиция түсініктеме берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Видеоның сипаттамасында төбелестің қала ортасындағы «Қазақстан» қонақ үйіне қарама-қарсы жерде болғандығы айтылған. – Төбелес Алматы қаласының Медеу ауданының аумағында болған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелес кешті бірге өткізген таныс адамдар арасында болғаны анықталды. Барлық бұзақылар ұсталып, полицияға жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрі қарайғы шара қолдану үшін құқықтық баға беріледі, – деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментіндегілер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер