USD
USD
USD

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды

  Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды.

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті. «Арнайы органдардың қызметкерлерімен және әскерлерімен бірлесіп, қаланы тазарту бойынша лаңкестікке қарсы іс-шара жүрігізілуде. Тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды, оның ішінде полицияға тиесілі 163 қызметтік көлік бар», – деді Қанат Таймерденов. Оның айтуынша, қаладағы тәртіпсіздікке қатысты шұғыл түрде дәлелдеме базасы жиналды.

«102» жүйесі қалпына келтірілді. Шақыруға күшейтілген патрульдік жасақтар жіберіледі. Құқықбұзушылықтар туралы әрбір дабыл мұқият тексеріледі. Бүгінгі таңда қалада жағдай тұрақты. Коммуналдық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы қалпына келтірілуде», – деді департамент басшысы. Оның сөзіне қарағанда, қылмыскерлерден қаруды тәркілеу жүріп жатыр. Бүгінде 127 қару, 2800 түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ басқа да оқ-дәрілер мен арнайы құралдар тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.