USD
USD
USD

Алматыдағы субұрқақта болған оқиғаға кінәлілер 5 жылға қамалуы мүмкін

Алматы полиция департаменті цирк алдындағы субұрқақта екі қыз бен әйелді ток ұрған оқиға қандай бап бойынша тергеліп жатқанын айтты.

Алматыдағы субұрқақта болған оқиғаға кінәлілер 5 жылға қамалуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша тергейтінін хабарлайды", - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл бап бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып я онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазір оқып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

.

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.