USD
USD
USD

Алматыдағы сауда үйден адамдар эвакуацияланды

Алматыда Назарбаев даңғылында орналасқан сауда үйінен адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы сауда үйден адамдар эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Назарбаев даңғылындағы «Ramstore ALL IN» сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері күдік тудырған затқа байланысты эвакуацияланды.

Оқиғаның суреттері мен видеолары әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына бірінші болып қаланың төтенше жағдайлар департаменті мен патрульдік полиция қызметкерлері жетті. Олар ғимаратты қоршауға алып, адамдарды сыртқа шығарды.

«Мамандар қалдырып кеткен дорбаны зерттеді. Оның ішінен жарылғыш құрылғыға ұқсайтын заттар табылды. Бұл әдейі жасалған. Шындығында, олар ешқандай қауіп төндірмеді. Қазір нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Полиция оны тастап кеткен адамның жеке басын анықтауға кірісті», - деп хабарлады полициядан.

Айта кетейік, ғимаратта коммерциялық нысандар, банк филиалдары, кеңселер де орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова