USD
USD
USD

Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды

Алматыдағы Сайран су қоймасынан ішек таяқшалары анықталды. Мамандар енді көлге түсу өте қауіпті екенін айтты.

Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы мәселені талқылау үшін Төтенше жағдайлар департаменті санитар дәрігерлермен бірлесе жиын өткізді.

Нәтижесінде қоймадағы суды толық ағызып жіберу туралы шешім қабылданды. 

Себебі, алынған сынама нәтижесі зиянды заттардың деңгейі қалыпты мөлшерден бес есеге артқанын анықтаған. 

Төтенше қызмет мамандарының хабарлауынша, соңғы кезде күннің ысуына байланысты Сайранға шомылатын тұрғындардың саны күрт көбейген. 

Осыған байланысты арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстары аяқталғанша тұрғындарды суға түспеуге шақырады. 

Көлдегі суды ағызып жіберуге кемі 2-3 күн уақыт кетеді. Кейін қойманы қайта толтыру жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев зияткерлік мектептеріне оқушы қабылдау саны қысқармайды – министр

қымбат сыйлық

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт