USD
USD
USD

Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, деп хабарлайды ҚАзАқпарат.

Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ана өлімі болғаны рас. Бұл Алматыдағы 5-перзентханада 2 наурызда болған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасын күтіп отырмыз», - деді басшы орынбасары.

Сондай-ақ, ол перзентханадағы жағдайдың бақылауда болатынын жеткізді.

«Жемқорлық туралы ақпарат бізге түскен жоқ. Егер тергеу барысында анықталса біз өз тарапымыздан шара қолданамыз. Өздеріңіз білесіздер шешілетін, алдын алуға болатын, болмайтын жағдайлар болады. Сол себепті барлық жағдайды бақылауда ұстаймыз. Ал ана өліміне қатысты проблема аурухана басшылығы тарапынан кеткен қателіктен, ұйымдастыру жұмыстарына салғырт қараудан болса Қоғамдық денсаулық басқармасы аталған фактіні назардан тыс қалдырмайды, қатаң шара қолданатын болады»,- деді Лаура Мырзағали.

Қазір оқып жатыр

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев