USD
USD
USD

Алматыдағы панфиловшылар саябағында мерекелік шара өтті

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматыдағы панфиловшылар саябағында мерекелік шара өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Даңқ мемориалына жүздеген әскери және ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары, балалары мен ата-аналары келді.

Алаңға түрлі соғысқа қатысқан ардагерлер, қазіргі Отан қорғаушылар және әлі оқып жүрген жас жауынгерлер жиналды.

Ұйымдастырушылар Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінің жақындығы ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтінін атап өтті.

Сондай-ақ ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар органдарының еңбегімен ерекше көзге түскен қызметкерлері алғыс хатпен марапатталды.

Марапатты қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев тапсырды.

Мерекенің ресми бөлігі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттарының қару-жарақпен саптық жаттығуларымен аяқталды.

Бұдан соң отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт басталды.

Отан қорғаушыларға Il Canto вокал квартеті, Бағдат Әбдірайымов, Толқын Забирова, Жәмила Серкебаева өнер көрсетті.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев