USD
USD
USD

Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханаға жаңа басшы келді

Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырды. Осы жағдайдан кейін аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев қызметінен босатылды

Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханаға жаңа басшы келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның орнына Марат Абдуллаев бас дәрігер  болып тағайындалды. 

Ал Джувашев 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматыда Қазақ мемлекеттік медициналық университетінде біліи алған, мамандығы - емдеу ісі. Сондай-ақ, Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті заң мамандығы бойынша аяқтаған.

2012 жылы орталық клиникалық ауруханада хирургия ісі бойынша директордың орынбасары қызметінде болды. 2016 жылы қалалық жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалған. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскери қызметшілер қазасы: Қанат Бозымбаев Ақтауға ұшты

Қанат Бозымбаев

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы

Маңғыстау облысында 9 әскери қызметші суға кетіп қаза болды, тағы бірнеше адам іздестірілуде

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының бас бостандығын 2 жылға шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова