USD
USD
USD

Алматыдағы митингіге кездейсоқ тап болған ер адам қаза тапты

11 маусымда Алматыдағы Гагарин даңғылында рұқсат етілмеген митингі кезінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдағы митингіге кездейсоқ тап болған ер адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір топ азамат Гагарин көшесінің көлік жүретін жолды жауып тастаған.

Рұқсат етілмеген акцияны Короленко көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары ұйымдастырды. Олар 2019 жылдан бастап өз маңдарында жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешеніне ауыр жүк көліктері көптеп ағылатындығына байланысты аулаларын жолдан қоршауды талап етіп жүр.

«Рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі 1980 жылғы М. деген азамат көлік қозғалысына кедергі келтіруде жолдағы көліктердің бірінің жүргізушісі 1974 жылғы К.деген азаматқа дене жарақатын келтірген. Жәбірленуші кейіннен қайтыс болды», - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Азамат М-ның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен сараланды (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру). Ол қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Сонымен қатар, рұқсат етілмеген акцияның тағы төрт ұйымдастырушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз», - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің хабарламасында бұған дейін аталған үй тұрғындарының өтініші бойынша жолдағы көлік жылдамдығын тежейтін төрт жерүсті кедергісі (лежачий полицейский) салынғаны, сондай-ақ Гагарин көшесі жағынан және Радостовец көшесі жағынан екі шлагбаум орнатылғаны да айтылады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi

Атыраудағы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс бойынша жаңа айыптар тағылды

Адам ұрлау