USD
USD
USD

Алматыдағы митинг туралы әкімдік не дейді?

Әкімдік заңсыз митингіні ұйымдастырып, өткізу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Алматыдағы митинг туралы әкімдік не дейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыдағы митинг заңсыз болып саналады. Қала әкімдігі осылай деп мәлімдеді. 

"Бейбіт митинг өткізу туралы әкімдікке заңнамаға сәйкес хабарланбады. Сондықтан әлеуметтік желіде тарап жатқан митингіге шақырулар заңсыз болып табылады", - деді қалалық әкімдікте. 
Жергілікті атқарушы билік заңсыз митингіні ұйымдастырып, өткізу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескерті. 

"Қазақстанда бейбіт жиындар ұйымдастыру және өткізу туралы" заң бойынша қалалық әкімдікке 5 күн бұрын хабарлау керек. Заң талабына сәйкес, бейбіт жиындар арнайы орындарда ғана өткізілуі тиіс.

Бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала халқын адам көп жиналатын бұқаралық шаралар мен митингіге қатысудан бас тартуға шақырған болатын. Ол жиын соңы коронавирус індетін жұқтырудың артуына әкелетінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді

СІМ Солтүстік Кипрде пышақталған қызға қатысты тың дерек ұсынды

азаматтық

Қазақстанда жалған диплом дайындаумен айналысқан 20 сайт анықталды

Диплом