USD
USD
USD

Алматыдағы MEGA орталығында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

14 сәуір күні Алматының Бостандық ауданында орналасқан «MEGA» сауда ойын-сауық орталығында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы MEGA орталығында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Терроризмге қарсы күрес бойынша қалалық жедел штабтың мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

«Оқу-жаттығу міндеттері терроризмге осал объектілерде лаңкестік актінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, оқу-жаттығу кезінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды өткізгелі жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», - деп хабарлады жедел штабта.

Сондай-ақ штабта «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov