USD
USD
USD

Алматыдағы көшелердің біріне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі беріледі

Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулысы әзірленді. Онда атауы жоқ көшелерге жаңа атау беру туралы көрсетілген.

Алматыдағы көшелердің біріне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда Алатау ауданы "Нұркент" шағын ауданындағы № 1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерестің есімі, Бостандық ауданы "Ерменсай" шағын ауданындағы № 2 жобалық атауы бар көшеге – Жақсылық Үшкемпіровтің есімі, № 4 жобалық атауы бар көшеге – Қаршыға Ахмедьяровтың, № 5 жобалық атауы бар көшеге – Шолпан Жандарбекованың есімдері берілетіні көрсетілген.

Сонымен қатар, Бостандық ауданы "НұрАлатау" шағын ауданындағы № 12 жобалық атауы бар көше – Ғазиза Жұбанова көшесі, № 13 жобалық атауы бар көше – Кәкімбек Салықов көшесі деп аталады.

Бұдан бөлек, Бостандық ауданы "Нұрлытау" шағын ауданындағы № 6 жобалық атауы бар көшеге Роза Жаманова, Медеу ауданындағы № 2 жобалық атауы бар көшеге Тимофей Седельников, № 7 жобалық атауы бар көшеге Мәшһүр Жүсіп, Медеу ауданы "Алатау" шағын ауданындағы №14 жобалық атауы бар көшеге Лев Гумилевтің есімдері таңдалған. 

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов