USD
USD
USD

 Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты

Алматыдағы Қожамқұлов көшесінде орналасқан Hotel Plaza Almaty қонақ үйінен өрт шығып, 57 адам эвакуацияланды.

 Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар департаментінде мәлімдегендей, өрт туралы хабар 23:30 шамасында келіп түскен. Өрт қонақ үйдің жертөле қабатындағы саунадан басталған. Ал түтін ғимараттың барлық қабатына тараған.

«Қонақтар барлық терезеден көмек сұрады. Өрт сөндірушілер бірден құтқару жұмыстарын бастап кетті», – делінген хабарламада. Адамдар үш өрт сөндіру және төрт жылжымалы баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге 42 өрт сөндіруші мен 14 бірлік техника жұмылдырылған. 

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев