USD
USD
USD

Алматыдағы клубтың бармені есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды

Полиция қызметкерлері оның қылмыстық әрекетін өткен жылдың тамыз айында әшкереледі.

Алматыдағы клубтың бармені есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Мефедрон жеткізу арнасын анықтау іс-шарасы нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлерінің назарына қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің бармені түсті. Оның жұмыс орнында – түнгі клубтың бар кассасында мефедрон сатуды ұйымдастырғаны анықталды. Күдікті есірткі сату кезінде қолға түсті. Барды және жеке тінту кезінде одан сатуға дайындалған, ішінде мефедрон байламдары бар темекінің екі қорабы тәркіленді. Тергеу шаралары ұсталған азаматша тұрған үйде жалғасты. Күдіктінің құрбысы есірткіден құтылғысы келді, бірақ бұл ойы жүзеге аспай қалды. Сатуға дайындалған 20 доза мефедроннан бөлек, электронды таразы, қаптама материалы және есірткі заты бар 3 байлам табылды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен В. есімді азаматша, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3,6-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе