USD
USD
USD

Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде үш жігіт жас қызды зорлаған

Мамырдың 13-інен 14-не қараған түні 21 жастағы бойжеткен өзінің танысымен, болжам бойынша, кинотеатрдың директорымен мекемеге келген. 

Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде үш жігіт жас қызды зорлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ақпарат «Не молчи» қоғамдық қоры хабарлады. Жас қызды үш жігіт зорлаған. Кейін полицияға барса, түсіріп алған интимдік видеолар мен фотоларды таратамын деп қызды қорқытқан. Қысымнан кейін ол сол жерде өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

"Қыз көрсетілген қысым мен қоқан-лоққыларға шыдай алмай, барға барып, бөтелкені сындырып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған! Үшеуі де қорыққаннан қашып кеткен, екеуі әлі қашып жүр! Біреуі кеше табылып, жауап алынып, босатылды!Тергеуші сараптаманың нәтижесін күтіп отырғанын айтты. Зорлау кезінде оқиға орнында кинозалдың қызметкерлері болмаған, кассир бір жаққа кетіп қалған, ал камералар өшіп қалған-мыс. Ол полицияға хабарласып үлгерген», - делінген  НеМолчи қорының хабарламасында.

Алматы полиция департаменті 2002 жылы туған Қ. есімді бойжеткеннің арызы ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелгенін хабарлады. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбады. 

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG