USD
USD
USD

Алматыдағы ҚазҰУ университеті жатақханасының маңынан ер адамның денесі табылды

Желіде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасы маңынан сенбілік кезінде қыздың мәйіті табылды деген ақпарат тарады.

Алматыдағы ҚазҰУ университеті жатақханасының маңынан ер адамның денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы полиция департаменті ақпаратты растады. Алайда олардың мәліметтері бойынша, мәйіт 29 жастағы ер адамға тиесілі. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жатақхананың артында асылып қалған. Денесі сот-медициналық сараптама үшін мәйітханаға жеткізілді. 

“Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 29 жастағы азамат А-ның өлімінің себебін сот-медициналық сараптама белгілейді”, – делінген хабарламада. 

Ал университеттің баспасөз қызметі ер адамның оқу орнына ешқандай қатысы жоқ екенін жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран