USD
USD
USD

Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған қару Тараздан табылды

Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған қару Тараздан табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған қару Тараздан табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысында ұрланған қаруды ғана емес, жалпы заңсыз айналымдағы қаруды табу және тәркілеу бойынша мақсатты жұмыстар жалғасып жатыр. Кезекті қару жасырылған орынды 2023 жылғы 12 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тапты.

Тараз қаласының Арай иінінде 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 308 Win калибрлі Benelli Argo-E карабин мылтығы және патронымен бірге 9 мм калибрлі SM Action газ тапаншасы табылып, тәркіленді.

– Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер қару-жарақтарды анықтауды және оларды залалсыздандыруды жалғастырып жатыр, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар