USD
USD
USD

Алматыдағы қара түтінге байланысты Экология департаменті түсінік берді

Экология департаменті ауа райы қолайсыз болса, Қазгидромет дереу ресми хатпен хабардар ететінін атап өтті. Алайда әзірше хат түскен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдағы қара түтінге байланысты Экология департаменті түсінік берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін алматылықтар шаһарды қалың түтін басып жатқанын айтып шағымданған еді. 

"Өз кезегінде "Қазгидромет" РМК ластануды бақылау бекеттері арқылы атмосфералық ауаға талдау жасайды. Алматыда осындай 16 бекет бар. Сонымен қатар "Қазгидромет" РМК ҰМУ қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанса, дереу департаментке ресми хат жібереді. Ресми хат түссе, Экология департаментінің қызметкерлері рейд жүргізеді. Пост маңында ластаушы заттардың көлемін өлшейді. Қазір басқармаға "Қазгидрометтен" ешқандай ақпарат келмегенін хабарлаймыз", - деді Алматы қаласы Экология департаменті.

Министрліктің мәліметінше, қазір "Қазгидромет" РМК Airkz ресми өтініші арқылы №1 ПНЗ (Бостандық ауданы), №26 ПНЗ (Тастақ ықшам ауданы), ПНЗ №3 (Алатау ауданы) бекеттерінде көмірқышқыл газының артық мөлшері байқалып жатыр.

"Алматыдағы ауаны негізінен ластайтын автокөлік, энергетика және газдандырылмаған жеке сектор екенін ескеру қажет. Алматы қаласы бойынша 2022 жылғы 14 қыркүйектегі бекітілген жол картасына сәйкес ластаушы заттардың шығарындыларын айтарлықтай төмендететін бірқатар қажет жұмыс жүргізіліп келеді", - деді Алматы қаласы Экология департаменті.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков