USD
USD
USD

Алматыдағы ірі қойма өртенді

Алматыда қоймада ірі өрт болды.

Алматыдағы ірі қойма өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, 3 шілде таңғы сағат 4:44 шамасында Жетісу ауданы Жетісу ауданындағы солтүстік айналма жолындағы қоймалардың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

«Күштер мен құралдар жоғары дәрежедедегі шақырту бойынша шықты. Келген кезде қоймалар ашық жалынмен жанып жатты. Оқиға орнында штаб, 4 өрт сөндіру учаскесі құрылды, қолда бар сумен жабдықтау көздері іске қосылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді, өртті сөндіруге авиация тартылды», – деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 84 қызметкер мен 24 техника жұмылдырылды.

Өрт таңғы сағат 07 :44 минутта оқшауланып, 08 :19 минутта толығымен жойылды.

Қабылданған шаралардың арқасында сол маңдағы 4 қоймаға өрттің таралуына жол берілмеді.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу