USD
USD
USD

Алматыдағы эпидемиялық ахуал күрделі

Алматыда тәулігіне жұқтырудың 100 оқиғасы тіркелді.

Алматыдағы эпидемиялық ахуал күрделі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл 3 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыдағы эпидемиялық ахуал күрделі болып отыр. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Алматының «сары аймақта» екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2020 жылдың басынан бері қала аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 18 мыңнан астам оқиғасы, сонымен бірге, анықталмаған пневмонияның 1423 оқиғасы тіркелген. Желтоқсан айында КВИ-ның 2256 оқиғасы тіркелді. Желтоқсан қорытындысы бойынша эпидемиологтардың жүргізген зерттеулері инфекцияны жұқтырғандар арасында 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар әлдеқайда басым екенін көрсеткен. 4 аптада ауырғандардың 64 пайызы сол жастағылар болған.

Алматыда қоғамдық орындар, оның ішінде дүкендер, дәріханалар, қоғамдық тамақтану объектілері, СОО және базарлар инфекция ең көп жұғатын орындар болып отыр. Сырқаттанған адамдардың көпшілігі сауда үйлері, дүкендер, дәріханалар, СОО, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, медициналық ұйымдарда жұқтырған. Оның ішінде отбасылық іс-шараларда (39%), отбасының науқас мүшелерімен байланыста (35%) және қалалық көлікте (17%) көп жұқтыру дерегі тіркелді. «Өткен тәулікте қала бойынша жұқтырудың 100-ден астам оқиғасы тіркелді. Олардың ішінде 30 пайызында ауру клиникалық симптомсыз өтуде. Осыған байланысты, қала тұрғындарының назарын карантин шараларын сақтауды жалғастыруға назар аударуға шақырамыз. Қала тұрғындары мен қонақтарына мүмкіндігінше қоғамдық орындарға барудан бас тартып, дүкендерде, СОО, базарларда және қоғамдық басқа да орындарда әлеуметтік қашықтық сақтау ұсынылады. Сондай -ақ, бетперде тағуды жалғастырып, оларды тағудың және ауыстырудың ережесін сақтау керек», - деді Әсел Қалықова.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

медунивер