USD
USD
USD

Алматыдағы екі жаңа метро бекетінің қалай аталатыны айтылды

Алматыда ашылатын екі жаңа метро бекет «Шұғыла» және «Төле би» деп аталуы мүмкін, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі. 

Алматыдағы екі жаңа метро бекетінің қалай аталатыны айтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұны қалалық мәслихаттың VI сессиясында тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет мәлімдеді. Айтуынша, метро бекетінің құрылысының жобасына техникалық-экономикалық әзірлеу үшін жаңа бекеттерге атау беру қажеттілігі туындап отыр.

«Наурызбай ауданындағы Шұғыла ш/а. Алатау даңғылының бойындағы №1 бекет ономастикалық тәжірибеге сүйене отырып, жолаушылардың бағдар алуына ыңғайлы болу үшін «Шұғыла» деп атау ұсынылып отыр. Ал Алатау даңғылымен ұзартылатын Төле би көшесінің қиылысында болатын №2 бекетке «Төле би» атауын беру ұсынылып отыр», - деді ол.

Қалымбеттің уәжінше, бұл ұсынысты Алматы қаласы ономастика комиссиясы құптаған. Қала басшылығы тарапынан да қолдау тапқан. Енді бұл ұсыныс Алматы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімімен ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясына жолданады. Ол комиссия келісім берсе, Алматы әкімдігінің қаулысымен шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов