USD
USD
USD

Алматыдағы Достық даңғылы мен Әуезов көшесіндегі қозғалыс біржақты болуы мүмкін

Алматыдағы Достық даңғылы мен Әуезов көшесіндегі қозғалыс біржақты болуы мүмкін, - деп хабарлайды Kolesa.kz.

Алматыдағы Достық даңғылы мен Әуезов көшесіндегі қозғалыс біржақты болуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылым мәліметінше, көліктер тек бір бағытта қозғалатын жаңа көшелер жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді схемасының жаңарған нұсқасында көрсетілген.

Жоспардан 2023 жылға дейін Брусиловский көшесін біржақты етіп, Тілендиев көшесімен екі бағытта қозғалу мүмкіндігін қайтару көзделгенін көруге болады.

2030 жылға дейін мына көшелердегі қозғалыс біржақты болуы мүмкін:

- Нұрмақов және Манас көшелері Төле биден Абайға дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай;
- Әуезов көшесі Жандосовтан Төле биге дейін (бағыты белгісіз, бірақ оңтүстіктен солтүстікке қарай болатын шығар);
- Әйтеке би Әуезовтен Назарбаевқа дейін батыс-шығыс бағытында;
- Қазыбек би Әйтиевтен Назарбаевқа дейін шығыс-батыс бағытында;
- Әйтиев Қазыбектен Төле биге дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай;
- Достық Қазыбек биден Сәтбаевқа дейін солтүстік-оңтүстік бағытында.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян