USD
USD
USD

Алматыдағы "барахолка" уақытша жабылды

Өткен түндегі Қордай ауданы Масанчи ауылында орын алған ұлтаралық қақтығыс салдарынан қауыпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматыдағы ірі базарлар - "Байсат", "Ялян" жабылып, демалыс күнгі жұмыстарын тоқтатты.

Алматыдағы "барахолка" уақытша жабылды
Фото: NEGE.kz

Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат бойынша, базарларды жабу туралы шешім қаладағы қауыпсіздікті сақтау мақсатында қабылданған. Өткен түнде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде базарларда сауда-саттық жасайтын дүнгендерді ұрып-соғып, мүліктерін, контейнерлері мен бутиктерін өртеп жіберуге шақырған заңсыз хабарламалар тараған болатын. Осыған орай барлық сақтық шаралары қабылданып отыр. Жедел жасақпен бірге, өрт сөндіру бригадалары мен медициналық көмек мамандары аумақты торуылдауда.

Тақырыпқа орай: Тоқаев Қордайдағы жағдайға пікір білдірді

 

Кеше Жамбыл облысы Қордай ауданында жаппай төбелес болып, оқиға орнына полиция жасақтары енгізілді. Түнде Масанчи ауылындағы үйлер мен көліктер өртенген. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси