USD
USD
USD

Алматыдағы автобус апаты: Жүргізушілердің бірі қамауға алынды

Алматыда соқтығысқан екі автобустың бірінің жүргізушісі қамауға алынды.

Алматыдағы автобус апаты: Жүргізушілердің бірі қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәліметінше, жүргізуші екі айға қамауға алынған.

"11 қарашада сот шешімі бойынша, күдіктіні екі айға, яғни 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін қамауға алу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Нақтырақ айтсақ, 98-маршрутты жүргізген 35 жастағы ер адам қамалды. 

Тергеу мәліметтері бойынша, ол (Абылай хан көшесінің бойымен) бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп, көше қиылысындағы (Төле бимен) 201-маршрутқа соқтығысқан. 

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері