USD
USD
USD

Алматыдағы ауруханалардың бірінде бөлім меңгерушісі санитарды соққыға жыққан

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасында бөлім меңгерушісі 19 жастағы санитарды соққыға жыққан. Әріптестерінің сөзінше, жігіттің басы көгеріп қалған.

Алматыдағы ауруханалардың бірінде бөлім меңгерушісі санитарды соққыға жыққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қатты ұрды. Қабылдау бөлімінде соққыға жықты. Санитар қорғанбады да, себебі меңгерушіден қорықты", – деді аурухана қызметкері. 

Желідегі ақпаратқа сәйкес соққыға жығылған жігіттің есімі – Нұржан Оханов. Ол сараптамадан өткен, қазір денсаулығына байланысты демалыста. Ал ата-анасы полицияға арыз түсіріпті. 

Кей мәліметтерде бөлім меңгерушісінің 19 жастағы жігітті бұған дейін де ұрғаны айтылған. Алайда істі жауып тастаған көрінеді. Сонымен қатар өзге де қызметкерлерге қол көтерген кездері болған. Оқиға туралы айтқан аурухана қызметкерлері аты-жөндерін атамауды өтінген.  

"Психологиялық қысым көрсетіп, айқайлайды. Ойына келгенді жасайды. Науқастармен жұмыс істейміз, оңай емес. Ең лас жұмысты істейтін санитарлар соққыға жығылады. Сонымен қатар өзге ауруханаларда сыйлықақы берілсе, біз сырт қаламыз. Өткен мейрамдарда бір сыйлықақы алған жоқпыз", – деп мәлімдеген қызметкерлердің бірі Talgarnewskz басылымына. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт