USD
USD
USD

Алматыдағы атыс: Күдіктінің әйелі үндеу жасады

Алматыда атыс шығарған күдіктінің әйелі Анаида Демирчян үндеу жасады.

Алматыдағы атыс: Күдіктінің әйелі үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Демирчян жағдай бақылаудан шығып кеткенін айтады.

«Мен ол кезде үйде балалармен болғанмын. Жедел жәрдем шақырдық. Бәрі қалай болғанын білмеймін. Мен көрген жоқпын. Тек атыстың даусын естідім. Бірақ сол кезде прокуратура, кезекші келгенде ол заң жүзінде бәрін түсіндіргенде қылмыстың алдын алар еді, түсінесіздер ме? Адамдар зардап шекті. Күйеуім, отбасым зардап шекті. Енді не боларын білмеймін. Біз заңға бағынатын азаматтар екенімізді, президентке миллион рет үндеу жасағанымды бүкіл әлем білсін. Қазір де үндеу жасаймын. Құрметті, Президент мырза! Сіз конституция кепілісіз, менің кәмелетке толмаған балаларымды қорғаңыз. Кішкентай баламның жүрегі ауырады, кеше ұстамасы ұстап қалды. Ал сот орындаушысына бәрібір, ол жедел жәрдем де шақырмады. Біздің қызметкерлердің жемқорлық пен заңсыз әрекеттері туралы мемлекет те, Президент, сіз де жақсы білесіз», – дейді Анаида Демирчян. 

Еске салайық, 20 қыркүйекте 17.00-де «Ақбұлақ» шағынауданында Алматының Алатау ауданында атыс болған еді. 

Үйден шығару туралы сот қаулысын туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны – 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған.

Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды. 

Күдікті ұсталды. Бүгінде жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында көліктерді заңсыз тіркеген полиция және «ЦОН» қызметкерлері сотталды

көлікті заңсыз тіркеу

Қызға талап көп, ұлға неге аз: Қазақстанда әкелер институты әлсіреді ме

отбасы, ата-ана, әке

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 87 долларға дейін түсті

мұнай бағасы

Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын 28 тамызға шақырды

Халық Кеңесі