USD
USD
USD

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адам қаза болған жол апатында күдікті ретінде танылған Zeekr автокөлігінің жүргізушісі ауруханадан тергеу изоляторына этапталды.

жол апаты
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған және соттың санкциясымен қамауға алынған.

 

Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызда Алматыда әл-Фараби даңғылының бойында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам көз жұмды.

Күдікті деп танылған Zeekr жүргізушісі апат кезінде алкогольдік масаң күйде болғаны айтылды.

Адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасынан кейін полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол «әрекетсіздік танытты» деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ, қала полиция департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды, оның есімі ресми түрде жарияланбады. БАҚ мәліметінше, әңгіме Ержан Ұзабаев турасында болып отыр. Бұл ақпаратты NEGE дереккөзі де растайды.

Бұл ретте Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жол апатын тергеу барысын жеке бақылауына алғанын, кінәлі адамдардың ешқайсысы мәртебесіне, лауазымына және байланыстарына қарамастан, жазадан жалтара алмайтынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу

Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру қысқармайды – министр

қымбат сыйлық

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек