USD
USD
USD

Алматыдағы үлкен даңғылда көлік қозғалысы екі айға шектеледі

Алматыда Сүйінбай даңғылы бойында көлік қозғалысы екі айға жабылады.

Көлік қозғалысы шектеледі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 1 шілде мен 31 тамыз аралағында Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында №375 үйден № 419 үйге дейін көлік қозғалысы шектеледі.

«1967 жылдан бастап пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 506 метрлік құбырды ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабылады», - «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Аталған көшеде батыс жағында автокөлік үшін екіжақты қозғалыс ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, шаһар тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram арнаның @AlmatyJolybot чат-боты іске қосылды. Ол арқылы тұрғындар қала жолдарындағы шұңқырларды жөндеуге өтініш бере алады.

Алматыда биыл ұзындығы 250 км болатын 274 көше орташа жөндеуден өтеді, осылайша 92%-ға дейін жолдың үлесін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жеткізу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы