USD
USD
USD

Алматыдағы өзендердің бірі мұнай өнімімен ластанған

Алматыдағы Есентай өзенінде мұнай өнімдерінің мөлшері шекті деңгейден асып кеткен.

Есентай өзені
Фото: Almaty.today

Астана, NEGE. Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков ластану көзі әзірге белгісіз екенін мәлімдеді.

Мамандар Есентай, Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Басқарасу өзендері мен Сайран көлінің экологиялық жай-күйіне тексеру жүргізді. Зерттеу нәтижесінде мұнай өнімдерінің шекті мөлшерден асу дерегі тек Есентай өзенінен ғана анықталды, – деді Лесбеков брифингте.

Экологтар су сынамаларымен қатар топырақты да зерттеген. Алайда топырақтан зиянды заттардың шекті деңгейден асып кету жағдайлары анықталмаған.

«Есентай өзенінің ластану көзін анықтай алмадық. Мұндай келеңсіз жағдайлар Алматы өзендерінде ара-тұра, тіпті жыл сайын дерлік тіркеліп тұрады. Зертхана мамандары құқық бұзушылық орын алған жерге жедел барып, су сынамаларын алып, ластаушы заттардың шекті мөлшерден асып кеткенін анықтайды», – дейді Департамент басшысы.

Дінмұхамед Лесбековтің айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықта Алматыда 125 экологиялық тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесінде 58 заңбұзушылық анықталып, 165 әкімшілік хаттама толтырылған.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған