USD
USD
USD

Алматыдағы мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды

Алматыдағы мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері Алмалы ауданындағы мешіттердегі төрт ұрлықтың бетін ашты. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.

 – Б.есімді азамат ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, намаз кезінде белгісіз біреу оның жеке мүлкін ұрлап, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қаскөйдің осыған ұқсас 4 ұрлыққа қатысы бары белгілі болды. Аталған деректер бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады, – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдімасаров.

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж