USD
USD
USD

Алматыдағы лай көшкіні кезінде 17 жастағы егіздер үйінді астында қалған

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай көшкінінен кейін үйінді астынан іздестіріліп жатқан отбасы туралы айтты, деп хабарлады kazinform.kz

Тау-Самалы
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлы болған. Балалар №48 мектепте оқиды. Олар сол күні сабаққа бармаған.

«Мектеп директоры да осында. Түнде полиция басқармасы арқылы отбасының ұялы телефондарын іздедік. Телефондарға сигнал түскен жоқ. Телефондар үйде деген ақпарат бар», - деді әкім.

Сонымен қатар ол көшкіннің ықтимал себептерін атады

«Үйлер дұрыс салынбаған. Дұрыс орнатылмаған дренаж жүйесі және таудағы үйлердің жүктемесі себеп болуы мүмкін. Қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Кейінірек бәрі анықталады», - деді аудан әкімі.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік