USD
USD
USD

Алматыдағы қонақүйлердің бірінен өрт шықты

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

кафе
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Бүгін 112 пультіне Алматы қаласы Медеу ауданы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін, түтіннің 3 қабатты қонақ үйдің жертөлесінде шыққанын анықтады. Қонақ үй қызметкерлері келушілерді үй-жайдан шығарып үлгерді. Өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізіліп, өрт сөндіру оқпандары енгізілді.

Қабылданған шаралармен 8 ш.м. бу бөлмесіндегі өртті құтқарушылар келген сәттен бастап 16 минут ішінде оқшауландырып, содан кейін толық сөндірді. Өрт орнында келушілерге жылыту пункті ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетсек, бұл ақпаратқа дейін ТЖМ құтқарушылары Ертіс жағасынан жасөспірімдерді құтқарғаны туралы жазған болатынбыз. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер