USD
USD
USD

Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, екі бала зардап шекті

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде болған жарылыс салдары түсірілген видеолар тарады. Тұрғындардың айтуынша, оқиға салдарынан үш пәтерге зақым келген.

Тұрғын үй кешеніндегі жарылыс
Фото: aidos.tru/Instagram, видеодан кадр

Астана, NEGE. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, 22 қазанда болған. Алматының Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа табиғи газдың таралуы себеп болуы мүмкін.

Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған екі бала жеңіл жарақат алды. Олар дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.

Қазіргі уақытта жауапты қызметтер жарылыстың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев испандық футбол мектебінің тәжірибесін Қазақстанға әкелмек

Атлетико Мадрид және Тоқаев

Ленин бюсті: Алматының білім басқармасы мектептегі кездесуге түсініктеме берді

ЖИ

Украинадағы қақтығыс аумағына тап болған қазақ жігіттерінің алды елге орала бастады

Украинадан оралған қазақ жігіті

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары үйіне шығарылды

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі