USD
USD
USD

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Бүгін, 2 қарашада Алматыдағы Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Dostyk Plaza
Фото: dostykplaza/Instagram

Астана, NEGE. Хабарламадан кейін келушілер эвакуацияланып, оқиға орнына жедел қызметтер жіберілді, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Ал Dostyk Plaza өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сауда орталығына жаяу және көлікпен кіру уақытша шектелуі мүмкін екенін ескертіп, келушілерді сабыр сақтап, қызметкерлердің нұсқауларын орындауға шақырды.

«Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы бар екені туралы ақпарат расталмады. Қауіп дабылы тоқтатылды», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта Dostyk Plaza қайта ашылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков