USD
USD
USD

Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің қызметкерлері Алматы қаласы Басқармасына қарасты ұйымға жұмысқа орналастырылады

Бүгін Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетінің, Алматы қаласы және Алматы облысы білім басқармаларының өкілдері «Бағанашыл» шағынауданындағы «Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ ұжымымен жеке кездесу өткізді.

Бағанашыл
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Кездесуде балалар үйінің жұмысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Орталықтың қызметкерлеріне (педагогтарға) Алматы облысынан Алматы қаласы Басқармасына қарасты ұйымға ауыстырылып, еңбек құқығы сақталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек шарттары қайта рәсімделетіндігі және бұл жеке жазбаша келісім арқылы жүзеге асырылатыны жеткізілді.

Балалар үйі қызметкерлерін жұмыстан босату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Сондай-ақ, «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері өз Орталығының аумағында тұра береді және Алматы қаласында білім алады.

Балалардың қауіпсіздігін және оларға лайықты жағдай жасауды қамтамасыз ету – қала әкімдігінің және Оқу-ағарту министрлігінің басты басымдығы. Жағдай тұрақты бақылауда болады.

Қазір оқып жатыр

Министр Сәденов олигарх Рашид Сарсеновтың «крышасы» ма?

.

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким