USD
USD
USD

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

21 қыркүйекке қараған түні өрт сөндірушілер Алматының Түрксіб ауданындағы Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығындағы өртті сөндірді.

Өрт сөндірушілер
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/almatinec_live

Астана, NEGE. Өрт туралы хабар түскен соң құтқарушылар бірнеше минут ішінде оқиға орнына жетіп, екі қабатты әкімшілік ғимараттың екінші қабатында тұрмыстық техника мен заттардың өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт шамамен 20 шаршы метр аумақты шарпыған. 

«Өрт сағат 00:38-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері.

Қызыл жалынды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті