Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ЖСН арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Алматыда жергілікті тұрғынның атына ЖСН-ы арқылы несие алды деген күдікті ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің өкілдері айтты.

ЖСН арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бұған дейін де Алматы қаласында осындай қылмыстық әрекеттер жасаған әйел адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - Алматы қаласы ПД өкілдері. 

Жәбірленуші оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

"21 қазанда біз полицияға бардық. Маған күдіктілер табылғанын айтты. Ұсталған әйел адам мен ер адам кінәсін мойындап, менің атыма қалай микронесие алғанын айтып берген. Менің IBAN-ымды банк операторлары арқылы біліп алған, ал ЖСН-ды өзім айтқанмын, SMS хабарламаны менің атыма тіркеген номер арқылы алған. Мен қылмыскерлер тез арада табылады деп ойламадым. Тергеуші Н.Темірғалиев, тергеу бөлімінің басшысы Е.Қамзабеков пен жедел уәкіл К.Сасановқа алғыс білдіремін", - дейді алматылық. 

Айта кетейік, бұған дейін алматылық тұрғынның Желіде ұялы телефонын сататыны туралы хабарлаған. Белгісіз біреу телефонды сатып алатынын айтып, ақша жіберу үшін сатушының ЖСН-ын сұраған. Сатушының картасына ақша артығымен түскен. Сөйтіп "сатып алушы" артық ақшаны қайтаруды сұраған. Артынша алаяқтар алматылық тұрғынның атына микронесие алғаны белгілі болған.  

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар