USD
USD
USD

Алматыда жол-көлік оқиғаларын тіркейтін экипаждар саны көбейтілді

Алматы полициясында жол-көлік оқиғаларын уақтылы тіркеуді қамтамасыз ету үшін тергеу-жедел топтардың саны көбейтілді, олардың құрамына патрульдік полиция полкі кезекші бөлімінің қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінің анықтаушылары да кіреді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматыда жол-көлік оқиғаларын тіркейтін экипаждар саны көбейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күн сайын жолдарда 800 мыңнан астам көлік құралдары, оның ішінде басқа қаланың да көліктері жүретін Алматыдағы автотұрақтың тығыздығын ескере отырып, жол-көлік оқиғаларын тіркеу бойынша экипаждар санын көбейту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні күндізгі ауысымда 20, ал түнде 12 тергеу-жедел тобы кезекшілік етеді. Осылайша, ЖТТ азаматтардың жол-көлік оқиғаларын тіркеуге алу кезегін қысқартуға мүмкіндік туды. Алдын ала жүргізілген сараптама қай аудандар да апаттар көп болатынын көрсетті. Біз бұл аймақтарға ең көп жасақ шоғырландырдық, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел басқару орталығының бастығы Андрей Квашнин. 

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны