Алматыда жолақы қымбаттайды

Алматы әкімдігі «Жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулы дайындады.
Алматы, NEGE. Осылайша, құжатта Алматы қаласы бойынша жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау тарифтерін төлеу әдісіне қарай келесі мөлшерде белгілеу туралы:
– ұялы байланыс операторының қызметтері немесе көлік картасы немесе жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін – 100 теңге;
– жол жүру ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында қоғамдық көліктегі тарифтің құны қолма-қол ақшасыз төлеу тәсілімен төленген кезде 80 теңге мөлшерінде белгіленген. Тариф құнының мөлшері 2012 жылы белгіленген және бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз қалады. 2017 жылдан бастап қолма-қол ақшамен төлеген кезде жол жүру құны 150 теңге мөлшерінде белгіленді.
Соңғы 11 жылда тасымалдаушылардың шығындары барлық баптары бойынша құны айтарлықтай өсті. Мысалы, дизель отынының құны 90 теңгені құраған, ал бүгінгі күні 295 теңгені (+328%) құрайды, газдың құны 33 теңгені құраған, ал бүгінгі күні 108 теңге (+327%) мөлшерінде белгіленген. Автобустардың құнын қоса алғанда, қалған шығындар бойынша да осындай жағдай орын алып тұр.
Бұл шығындар тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемінде тікелей көрсетіледі. Мәселен, 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін субсидиялар көлемі 13,8 есе, 6,9 млрд. теңгеден 50 млрд. теңгеге дейін өсті. Биылғы жылы субсидиялаудың болжамды көлемі бекітілген тарифке сәйкес шамамен 85,5 млрд теңге.