USD
USD
USD

Алматыда жол апатынан кәмелетке толмаған бала көз жұмды

Алматыда жол-көлік оқиғасынан (ЖКО) кәмелетке толмаған бала қайтыс болды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматыда жол апатынан кәмелетке толмаған бала көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «20 шілде күні сағат 12:05 те Қарасай ауданының полициясына Алматы-Жандосов-Бесмойнақ жолында көлік апаты болғандығы жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнынан анықталғандай, 39 жастағы «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ВАЗ» көлігіне соғылған. Оқиға орнында кәмелетке толмаған бала мерт болды»,- делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, екі көліктің де жүргізушілері түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт