USD
USD
USD

Алматыда жол айрығы құрылысы басталады

 Алматыда жол айрығы құрылысына байланысты 117 отбасына өтемақы беріледі

Алматыда жол айрығы құрылысы басталады
Фото: NEGE.kz

7

Алматы, NEGE. Алматыдағы үлкен жол айрығының құрылысы биыл басталады. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті. 

«Сейфуллин-Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы жол айрығының құрылысы биыл басталады. Ұзақ уақыт бойы сүрілетін тұрғын үйде тұратын 117 отбасына берілетін өтемақы мәселесі шешімін таппай келді. Өткен жылдың тамызында бұзылуға жататын учаскелердің иелері Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесу кезінде көмек сұрап, өтініш білдірген еді. Қала әкімі 29 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңесте жол айрықтарын салу үшін алынатын учаскелерге өтемақы төлеу мәселесін көтерген болатын. Сөйтіп қаржы мәселесі шешілді», – дейді Мақсат Қиқымов. Мақсат Қиқымовтың айтуынша, өткен жылдың қазан айында республикалық бюджет қайта нақтыланып, өтемақы төлеуге қаржы бөлінді. «Жалпы 117 отбасына өтемақы төленді», –  дейді спикер.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.